Футбол
20 ақпан 14:34

17 жастағы Ямал өзін Мессимен салыстыру жайында ойын айтты

©x.com/FCBarcelona

Каталондық "Барселона" вингері Ламин Ямаль өзін атақты аргентиналық Лионель Мессимен салыстыруға қатысты пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz.

17 жастағы испаниялықты аргентиналықпен бір дәрежеге қойып, стилдері ұқсас екені айтылуда. 

"Өзім болуға тырысамын. Мен әрдайым айтып жүргендей, Месси тарихтағы ең мықты ойыншы екені анық, ал онымен салыстыру мен ісімді жақсы атқарып жатқанымды білдіреді. Бірақ мен өз жолыммен жүруге тырысамын, өз соқпағымды салып, "Барселона" үшін барымды саламын", - дейді ол Mundo Deportivo-ға сұхбатында. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport