15 жастағы қазақстандық футболшы гол соғып рекорд орнатты
"Актобе U-21" командасының футболшысы Аян Байдәулетов 15 жас, 4 ай 10 күнде гол соғып, Қазақстанның екінші лигасында рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Актобе U-21" командасының футболшысы Аян Байдәулетов 15 жас, 4 ай 10 күнде гол соғып, Қазақстанның екінші лигасында рекорд орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жас футболшы 18-турда "Қыран U-21" командасының қақпасына 87-минутта шол соқты. Шымкентте өткен бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Бұған дейін Екінші лигада гол соққан ең жас футболшы Ислам Әбілқасымов еді. Ол 2019 жылы 15 жас, 5 ай, 5 күнде көзге түскен.
Қазір "Актобе U-21" командасы 17 ұпай жинап, Шығыс және Батыс конференциясында 11 орында келеді. Ал көш басында 24 ұпай жинаған "Қыран U-21" командасы тұр.
Жарнама