Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы азаматтығын ауыстырмақ
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Полина Костюкович Sport24 порталына берген сұқбатында азаматтығын ауыстыруға ниетті екенін айтты.
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Полина Костюкович Sport24 порталына берген сұқбатында азаматтығын ауыстыруға ниетті екенін айтты.
Костюкович жұптық сайыста өнер көрсетеді. Ол 2018 және 2019 жылдары жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде екінші және үшінші орын алған.
"Қазір демалыстамын. Мәскеуге қайта оралғаннан кейін басқа федерациямен жұмыс істеуді қарастырамын. Өйткені, бүгінгі таңда Ресейдің атынан өнер көрсету қиын", - деді спортшы.
Сондай-ақ, ол халықаралық деңгейде өнер көрсеткісі келетінін де айтты.
"Халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысқым келеді. Осы уақытқа дейін мен үстімде қандай киім екенін және қай елдің атынан өнер көрсетіп жатқанымды мүлде ойламадым. Енді азаматтығымды ауыстырсам мұны сезінетін шығармын. Бірақ құр қол отыра беруге де болмайды", - деді Костюкович.
Еске салайық, Украинадағы жағдайға байланысты Ресейдің мәнерлеп сырғанаушыларын барлық халықаралық жарыстардан шеттетіп тастады.
Жарнама