Мәнерлеп сырғанау
9 наурыз 2019 16:15
 
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Универсиада-2019" жарысында күміс жүлдегер атанды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Универсиада-2019" жарысында күміс жүлдегер атанды Сурет ҚР ҰОК баспасөз қызметінен

Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлайды ҚР ҰОК ресми сайты.

Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.

Тұрсынбаева өзінің екі рекордын жаңартты. Еркін бағдарламадан алғаш рет 147.20 ұпай иеленсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 214.77 ұпайға қол жеткізді.

Алтын жүлдені жапондық Маи Михара (220.68), қоланы ресейлік Станислава Константинова (205.91) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Мамбеква 124.41 ұпаймен 17-ші орынды қанағат тұтты.

Жарнама

Живи спортом!