Фигурное катание
13 тамыз 2018 12:47
 
Желіде Денис Теннің балалық шағында түсірілген видео жарияланды

  Пікірлер

blog.share

Желіде Денис Теннің балалық шағында түсірілген видео жарияланды Видеодан алынған кадр

Youtube хостингіндегі Denis Ten Forever арнасында қаза тапқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің балалық шағында түсірілген мұрағат видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода Денис Тен небәрі жарты айлық. Видеоны бауыры Алексей түсірген екен.

Сондай-ақ, спортшының қалалық телеарнаға берген алғашқы сұхбаттарының бірі жарияланды. Онда Денис Тен мұзда мәнерлеп сырғанау шеберлігін көрсетеді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Жарнама

Живи спортом!