Семсерлесу
23 қараша 2019 11:11

Семсерлесуден Францияда әлем кубогі кезеңі басталды

Францияның Орлеан қаласында саблядан әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі. 

Өкінішке қарай, жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Қазақстан командасының өкілдері айтарлықтай нәтиже тіркеген жоқ. 

Әйгерім Сарыбай 1/64 финалға өту жолында әзірбайжандық Севиль Бунятовадан 14:15 есебімен ұтылды. 

Ал алғашқы 96 спортшының қатарына ену үшін өткен кездесуде Карина Доспай германиялық Анне Лимбахтан жеңілді. Есеп – 9:15.

Анастасия Гулик Әзірбайжан өкілі Анне Баштаға 5:15 есебімен жол берді.