20 жастағы Витинья - "Порту" түлегі. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Португалия чемпионатының сегіз матчына қатысып (0 - негізгі құрамда), тиімді әрекеттермен көзге түсе алмады.
Англия
10 қыркүйек 2020 21:11
"Вулверхэмптон" кезекті португалиялық ойыншымен толықты

"Порту" жартылай қорғаушысы Витинья деген лақап атпен танымал Витор Машаду Феррейра "Вулверхэмптонға" ауысты,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. "Вулверхэмптон" футболшыны кейін сатып алу мүмкіндігімен 2020/2021 маусымының соңына дейін жалға алды.
"Витинья - бұл маңызды трансфер және біздің жоспарларымыздың ажырамас бөлігі. Ол өте ерекше жас талант. Витинья біздің негізгі командамызды одан әрі дамытады және алға ұмтылғанымызды көрсетеді", - деді клубтың атқарушы директоры Джефф Ши.