Велоспорт
26 тамыз 2019 17:47
 
Маунтбайктан қазақстандық спортшы Азия кубогінде топ жарды

  Пікірлер

blog.share

Маунтбайктан қазақстандық спортшы Азия кубогінде топ жарды © olympic.kz

Малайзияда маунтинбайктан Азия кубогінің кезекті сериясы аяқталып, қазақстандық Кирилл Казанцев жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиадалық кросс-кантриден өткен жарыста қазақстандық спортшы мәреге бірінші болып келді. Казанцевтің уақыт көрсеткіші - 1:35.43. Екінші және үшінші орында жапон спортшылары иеленген.

Темірлан Мұхамедиянов пен Әділ Шәкіров тиісінше бесінші және алтыншы орынды иеленді.

Сондай-ақ, эстафетада қазақстандықтар мәреге бірінші болып келді. Эстафеталық сында Қазақстан намысын Кирилл Казанцев, Егор Карасев,Татьяна Богданова және Александр Дымовских қорғаған болатын.

Жарнама

Живи спортом!