Велоспорт
1 қазан 2017 17:37
 
Келесі жылы "Алматы туры" жарысының мәресі Шымбұлақта болуы мүмкін - Смағұлов

  Пікірлер

blog.share

Келесі жылы "Алматы туры" жарысының мәресі Шымбұлақта болуы мүмкін - Смағұлов © Владимир Дмитриев

"Алматы туры" жарысымен серіктес Astana Group компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында велоспорт сүйер қауымды құттықтап, келесі жылы оның мәресі Шымбұлаққа дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

"Бесінші жыл қатарынан біздің компания "Алматы туры" жарысымен серіктес болып келеді, біз өте қуаныштымыз, себебі біздің команда қатарынан жеңіп келеді", - деді Смағұлов. - Бірінші жарысты Максим Иглинский жеңді, олда осы жерде жүр және төрт рет Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Мен велоспорт фанаты ретінде өте қуаныштымын, себебі біздің елде танымал спортшылар бар, біздің қала велоспортты жақсы көреді. Бүгін ауа райы өте жақсы, Медеуге дейін бардық. Келесі жылы Шымбұлаққа дейін көтерілеміз деп ойлаймын. Бұл тамаша болар еді. Бізді "Евроспорттан" көрсетіп жатыр, біздің әдемі қаламызды әлемнің 60 елінде тамашалап жатыр. Мен барлық велоспортты жақсы көретін адамдарды және Алматыны осындай жарқын әрі керемет мерекемен құттықтағым келеді. Барлықтарыңызды тауға шығуға шақырамын - велосипедпен болсын жаяу болсын, ең бастысы біздің тамаша табиғатымызды теледидардан көріп қана қоймаңыздар. Алға Қазақстан!".

Еске салайық, Астана" командасының дат велошабандозы Якоб Фульсанг "Алматы туры - 2017" қоскүндік екінші кезеңінде жеңіске жетті, ал осы команданың капитаны Алексей Луценко бас классификация жеңімпазы атанды.

Жарнама

Живи спортом!