Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатында екінші болды

Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының велошабандозы Денис Сергиенко Малайзиядағы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.
Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының велошабандозы Денис Сергиенко Малайзиядағы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды.
Ол кросс-кантри санатындағы жарыста мәреге екінші келді. Бұл сында алтын жапониялық, ал қола қытайлық спортшыға бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан командасы аралас эстафетада қола жүлде жеңіп алған болатын.
Жарнама