Велоспорт
13 маусым 18:00
 

Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады ©

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 1-орын алды.

blog.share

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль еншілеп, жалпы есепте 1-орын алды.

Қазақстаннан кейін екінші орыннан 2 алтын, 1 күміс иеленген Қытайлық Тайпей командасы орналасты. Үздік үштікті 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея түйіндеді. 

Құрлық додасында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары 1 алтыннан еншіледі. 

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Федоров Евгений, Груздев Дмитрий, Чжан Игорь, Рината Сұлтанова,  Махаббат Үмітжанова, Фаина Потапова) ; жасөспірімдер арасындағы аралас командалық эстафетадан (Батырхан Алик, Мансур Бейсембай, Михаил Подлужный, Ангелина Буренкова, Евгения Заам и Екатерина Удовыкина); ерлер арасындағы жекелей сыннан (Евгений Федоров); жасөспірім қыздар арасындағы жекелей сыннан (Мария Елькина): ерлер арасындағы жекелей сынынан (Николя Винокуров) және қыздар арасындағы жекелей сыннан (Ақпейіл Өсім) алтын алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!