"Astana" велошабандозы "Тур де Франс" кезеңінде рекорд орнатты

"Тур де Франс" көпкүндігінің 5-ші кезеңінде "Qazaqstan Team" командасының велошабандозы Марк Кавендиш мәреге бірінші болып келді. Осылай жарыс тарихындағы рекордты жаңартты.
"Тур де Франс" көпкүндігінің 5-ші кезеңінде "Qazaqstan Team" командасының велошабандозы Марк Кавендиш мәреге бірінші болып келді. Осылай жарыс тарихындағы рекордты жаңартты.
Марк Кавендиш Сен-Жан-де-Морьен - Сен-Вюльба арасындағы 177,4 шақырымдық жолды 4:08:46 уақыт көрсеткішімен жүріп шықты. Осылайша көпкүндікте 35-ші рет жеңімпаз атанды. Бұған дейін үздік болып келген Эдди Меркстың нәтижесін басып озды.
5-ші кезеңде Марк Кавендиштен кейін Яспер Филипсен (Alpecin-Deceuninck) екінші, Александр Кристофф (Uno-X Team) үшінші болып мәре сызығын кесті.
Жарнама