Тайқазан vs шеңбер: Көкпардың халықаралық ережелері бекітілді
© massaget.kz
Елорда төрінде Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесі өтті. Оған 10 елдің Ұлттық спорт федерациясы басшылары қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша көкпардың халықаралық ережелері бекітілді.
Кеңесте қауымдастыққа жаңа мүше елдер қабылданып, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәртібі қаралды. Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығы құрамындағы елдер нақты ережелерді қабылдады.
Көкпардың ережесіне қатысты дау-дамай көп болды. Әсіресе тайқазан мен шеңберге келгенде пікірлер қақ жарылатын. Астанадағы кеңес нәтижесі бойынша осыған дейін қырықпышақ болып келген елдер ортақ ымыраға келді.
Тайқазан әлде шеңбер?
Көкпардың даулы тұсы осы еді. Бір елдер тайқазанды дұрыс деп білсе, енді бір елдер шеңбер тиімді екенін алға тартып келді. Астанадағы кеңес осы тартыстың шешімін шығарды. Енді халықаралық ереже бойынша шеңбер пайдаланылады.
Тайқазанның шабандоз бен тұлпарына тигізетін зияны көп-ақ. Оған соғылып жарақат алғандар қаншама. Бұл туралы ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан тарқата айтты.
- Тайқазанда ойнау - қазақ пен қырғыздан өзге елдерде дамымай қойды. Расымен бұлай ойнау қиын. Атқа да ауыр, қаншама жігіттер майып болып та жатыр, - деді.
Тайқазанды алып тастап, шеңберге ойнау ережесін Моңғолия, Венгрия және Тәжікстан елдері ұсынды. Жалпы көкпар тарихында тайқазанмен ойнау кездеспейді. Тек соңғы 18 жыл ішінде осылай ойналып келген. "Бұл бір шетінен бизнес те" - дейді мамандар. Өйткені тайқазанды орнату мен жарақат алған тұлпарды алмастырудың өзі қыруар қаржыға келіп тіреледі.
Ипподром қандай болады?
Көкпар өтетін алаңның (ипподром) ұзындығы 200-220 метр болып бекітілді. Ал ені 65-75 метр болғаны құпталды.
Әр командада 12 шабандоз болады. Ал тайқазан орнына қабылданған шеңбердің диаметрі 3 метр болады.
Қанша уақытқа созылады?
Көкпар 20 минуттан 2 тайм ойналады. Тайм арасындағы үзіліс 10 минут болады.
Шабандоздар жасанды муляжбен тартысады
Көкпарда шабандоздар қошқар не серкемен тартысатын. Халықаралық жан-жануарлар әлемін қорғау ұйымдарының қағидаларына қайшы келмес үшін бұлар 33-35 келі тартатын муляжға айырбасталды. Яғни, серкенің пішіні секілді жасалған тұлыппен ойнайды.
Өз елдерінде өздері қожа
– Әр елдің ішінде өтетін жарыстар өз тәртібімен өткізіле береді, ал әлемдік жарыстар жаңа ереже бойынша өтетін болады, – дейді Бекболат Тілеухан. Әр ел ішкі жарыстарын өз ережелеріне сай өткізгенмен, халықаралық ережені назарда ұстайтыны рас. Себебі халықаралық жарыстарда жоғары жетістікке жету үшін де тәжірибе керек. Солай ойнап үйренуі тиіс-ақ.
Айта кетейік, 2017 жылы "ЭКСПО-2017" көрмесі аясында көкпардан тұңғыш әлем чемпионаты Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен еді. Жарысқа АҚШ, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Венгрия және өз еліміздің көкпаршылары қатысқан. І әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрама командасы айыр қалпақты ағайындарды 3:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.
Алда көкпардан халықаралық жарыстардың саны да артпақ. Сәуір айының соңына қарай "Жастар жылына" орай Алматыда жастар арасында Азия чемпионаты өтеді. Бұған 8 елдің құрамасы қатысады деп күтілуде. Ал оған дейін наурыз айында Өзбекстанның Самарқанд қаласында халықаралық көкпар сайысы өтеді. Бұл додаға да жастар құрамасы қатысады.

Жарнама