Соревнования
9 тамыз 2022 02:55
 

Діндар азаматтар арасында Спартакиада өтті

  Пікірлер

blog.share

Діндар азаматтар арасында Спартакиада өтті ©Ольга Апельганец

Алматы мешіт жамағаттары мен сауда орталықтарындағы намазхан қызметкерлер арасында Спартакиада өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Алматы мешіт жамағаттары мен сауда орталықтарындағы намазхан қызметкерлер арасында Спартакиада өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Қазіргі қоғамда неше түрлі ағымдар мен жамағаттар көп. Азаматтардың  дұрыс бағытта жүріп, олардың тура жолдан таймауы үшін Алматы қалалық Дін істері басқармасы дәстүрлі Исламның сан ғасырлық дұрыс өнегесін насихаттап келеді. Тіпті діндар азаматтардың спортпен үздіксіз айналысуы үшін де бар жағдайды жасауда. Соның бір айғағы сауда орталықтары мен базарларда өзін-өзі жұмыспен қамтыған діндар азаматтар арсында өткен кезекті спартакиада. Спорттық шараның мақсаты – қала тұрғындарын жүйелі түрде дене тәрбиесі мен спортқа тарту, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Спартакиада барысында қатысушылар: арқан тарту, гір тасын көтеру, армрестлинг, қошқар көтеру, асық ату, жеңіл атлетика (100 м) және мини-футбол секілді спорт түрлерінен бақ сынады.

"Қошқар көтеру" сайысында  Әсет Исабаев жеңімпаз атанды. 2 минут ішінде ол қошқарды 47 рет көтеріп, сыйға тігілген өз жүлдесін жетегіне байлап алып кетті.

Арқан тартушылар сайысында "Аэровокзал" сауда орталығының жігіттері ұйымшылдық танытты. Финалда олар "Сапар" базарының апайтөс жігіттерінен басым болды.

Гір тасын көтерген білекті жігіттер де көпшілікті тамсандырды. 16 келілік екі тасты қос иығына салып алып, 100 рет әуелеткен Ержан Шаймарданов бас жүлдені жеңіп алды.

Ептілік пен білек күшін қажет ететін "армрестлингте" Владимир Устиновтың мерейі үстем болды. Финалда ол Рамиль Рифқатовты жеңді.

Ұлттық спортымыз "асық ату" сайысында Бекзат Нұрахмет мергендік танытып, бас жүлдені еншіледі.

100  метр қашықтыққа жарысқан жүйріктер арасында Қуанышбек Жұмаділов мәреге бірінші келді. Ал, әйелдер арасында Ольга Апельганец жеңімпаз атанды.

28 команда қатысқан футбол турнирінің финалында "Сапар" базарының футболшылары мен "Қазалы" командасы кездесіп, тартысты өткен кездесуде "Сапар" базарының командасы жеңіске жетті.

"Спартакиаданың негізгі мақсаты - мешіт жамағаты арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, исламның дәстүрлі емес ағымының жетегінде жүрген жандарға асыл діннің оң жолын көрсету. Осындай спорттық шаралар барысында азаматтардың спортқа қызығушылығы оянып қана қоймай, елдің руханияты көтеріліп, өзара ауызбіршілік пен татулық, мешіт жамағатының бірлігі нығая түседі", – дейді "Ұлттық мұра" бағдарламасының жетекшісі Айдос Бағашев.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс соңында бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Спорттық іс-шара Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшылығымен жүзеге асырылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!