MMA
16 қараша 2021 19:31
 

Вакцина туралы дауласқан ММА шебері дәрігерді өлтіріп тастады

  Пікірлер

blog.share

Вакцина туралы дауласқан ММА шебері дәрігерді өлтіріп тастады ©Facebook

Гуамада тұратын ресейлік ММА шебері Акмал "АК 47" Ходжиев  (2-0) дәрігер Миран Рибатиді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы vRINGe.com жазды. 

blog.share

Гуамада тұратын ресейлік ММА шебері Акмал "АК 47" Ходжиев  (2-0) дәрігер Миран Рибатиді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы vRINGe.com жазды. 

Қолдағы бар ақпарат бойынша, 27 жастағы Хожиевке адам өлтірді деген айып тағылған. 

Бұл жағдай 7 қараша күні Тамунингтегі Гуам қаласында болған. Сот Хожиевті миллион доллар кепіл берсе шығарады деген ақпарат та бар. 

Ал Guam Daily Post басылымының жазуынша, Хожиев пен Рибати бір залда жаттыққан. Жаттығудан кейін олар Акмалдың үйіне түскі аш ішуге барған. Сол жерде екеуінің арасында коронавирустың вакцинациясына байланысты дау шыққан. 

Содан соң Хожиев дәрігерді қылқындырған. Бұл сәтті көрген куәгер ажыратуға тырысқанымен, Акмал оны басынан ұрған. Кейін Хожиев асханаға барып, тамақтан қалған сүйекпен дәрігердің мойнынан бірнеше мәрте ұрған. Рибати қашуға тырысқанымен, Акмал оны жібермей, пышқапен бірнеше рет түйреп алған. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенде Хожиев дәрігердің үстінде жатқан. "Сэр бұл мен. Мен оны өлтірдім", - деп те айтқан. Рибати сол жерде қайтыс болған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!