UFC ұйымындағы қытайлық қазақ спортшының келесі қарсыласы анықталды

UFC ұйымында өнер көрсететін қытайлық қазақ Сайран Нұрданбектің (19-7) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды MMA Fighters KZ порталы.
UFC ұйымында өнер көрсететін қытайлық қазақ Сайран Нұрданбектің (19-7) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды MMA Fighters KZ порталы.
Нұрданбек келесі кездесуін 20 қараша күні Лас-Вегас қаласында UFC Fight Night 198 турнирінде америкалық Шон Сорианоға (14-7) қарсы өткізеді.
Еске салайық, UFC ұйымындағы бірінші айқасында Сайран Нұрданбек аустралиялық Джошуа Кулибаоға қарсы өткізіп, жеңіліп қалған болатын.
Жарнама