Единоборства
10 тамыз 2020 11:08

UFC ұйымында америкалық спортшы қарсыласын шынтақпен ұрып ұйықтатып тастады

Сурет: UFC
UFC ұйымында өнер көрсететін америкалық Бенейл Дариуш UFC Fight Night 174 турнирінде отандасы Скотт Хольцманды жеңді,- деп жазады Vesti.kz порталы. 


Кездесу бірінші раундта аяқталды. Дариуш қарсыласын шынтағымен ұрып, құлатты. Бұл соққыдан кейін Скотт орнынан тұра алмай қалды. 



31 жастағы Дариуш негізі Иранның тумасы. Ол отбасымен бірге АҚШ-қа көшіп кеткен. Аралас жекпе-жекте 24 кездесу өткізіп, 19 айқаста жеңіске жетсе, төрт кездесуде жеңіліп, бір кездесуде тең түскен. Ал 36 жастағы Хольцман болса 18 кездесуін өткізді. Ол 14 жекпе-жекте жеңіске жетсе, төрт кездесуде жеңілген. 

Айта кетейік, UFC Fight Night 174 турнирінің басты кездесуінде амеиркалық Деррик Льюис (24-7-1) ресейлік Алексей Олейникті (59-14-1) жеңді.