MMA
17 қараша 2022 09:51

UFC титулынан айырылған Адесаньяны полиция тұтқындады

©fightnews.info

Орта салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Исраэль Адесанья Нью-Йорк әуежайында тұтқынға алынды, деп хабаралйды TMZ.

Жаңазеландиялық спортшыны полиция кастет алып жүргені үшін ұстаған, мұндай әрекет Нью-Йоркте заң бұзу болып саналады. Менеджердің сөзінше, кастетті жанкүйер сыйға тартқан, ал Адесаньяның өзі полицияға бағынып, қазіргі таңда үйіне жіберілген. 

13 қараша Адесанья техникалық нокаутпен бразилиялық Алекс Перейрадан жеңіліп, UFC титулынан айрылып қалды. 33 жастағы файтер ММА-де 23 рет жеңіп, 2 мәрте есе жіберген екен. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport