Единоборства
20 мамыр 2020 09:41

UFC тарихындағы бірінші қазақстандық файтер қыздың алғашқы жекпе-жегі белгіленді

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапованың (8-1) UFC-дегі алғашқы жекпө-жегінің уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


MMA Fighting мәліметінше, Агапова ең танымал ұйым аясындағы алғашқы кездесуін 13 маусымда АҚШ-та өткізеді. Қарсыласы бразилиялық Мелисса Гатто (6-0-2) болады. Гатто үшін де бұл UFC-дегі дебют болатынын айта кетейік.

Бастапқыда бұл шоу 13 маусымда Қазақстанда өтуі тиіс еді, алайда UFC коронавирус пандемиясына байланысты жоспарын өзгертуге мәжбүр болды.

Еске салайық, Агапова UFC-мен биыл ақпанда келісімшарт жасасқан болатын.