Америкалық спортшы былтыр қатарынан екі рет жеңілгеннен кейін ережесіз жекпе-жектен кеткен болатын. Ол әуелі Хорхе Масвидальдан жеңілді. Жеңілгенде де UFC тарихында рекорд орнатып жеңілді. Ол бар болғаны бес секундтың ішінде нокаут алып қалды.
Содан соң бразилиялық ардагер спортшы Дамиан Майямен кездесіп, ұтылып қалған еді.
"Мен аралас жекпе-жекке толық оралып, чемпиондыққа таласамын деп бәрібір айта алмаймын. Бірақ мен төбелескенді жақсы көремін.
Сондықтан да біреу маған "міне ақша, бар төбелес" дейтін болса, мен қайта оралуға дайынмын.
Неге қарсы болу керекпін? Көпшілік менің кездесуімді асыға күтіп отырады. Оның үстіне UFC маған бір кездесу беруге қарсы емес", - деді Аскрен.
Айта кетейік, Аскрен негізі спорттан тізесінен алған жарақаты үшін кеткенін айтқан еді. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 22 кездесу өткізіп, 19 айқаста жеңіске жетсе, екі рет жеңілген. Бір кездесу өтпей қалды деп тіркелген.