UFC спортшысы жалаң жұдырықпен жекпе-жекте бет сүйегін бес жеріден сындырып алды
UFС ұйымының бұрынғы спортшысы Мелвин Гиллард жалаң жұдырықпен жекпе-жек өткізетін BKFC промоушенінде кездесу өткізіп, 59 секунда нокаутқа түсті.
UFС ұйымының бұрынғы спортшысы Мелвин Гиллард жалаң жұдырықпен жекпе-жек өткізетін BKFC промоушенінде кездесу өткізіп, 59 секунда нокаутқа түсті.
Жекпе-жектен кейін Гилларды бірден емханаға алып кеткен. Ал ММА Junkie ақпараты бойынша, бұл кездесуде 38 жастағы спортшы бет сүйегін бес жерінен сындырып алған.
Жалпы Мелвин жалаң жұдырықпен осымен сегізінші кездесуін өткізді. Америкалық оның алтауында жеңілсе, екі кездесуде ұтқан.
Бұған дейін Гиллард аралас жекпе-жекте 32 айқасқа қатысып, 21-де жеңіліс тапқан. Ол тоғыз жыл UFС ұйымында өнер көрсеткен. Карьерасында Мелвин Нейт Диаз, Джастин Гэтжи, Дональд Серроне және Майкл Джонспен жекпе-жек өткізген.
Жарнама