UFC ұйымында өнер көрсететін грузиялық спортшы Звиад Лазишвили допингпен ұсталып қалды. Бұл туралы Невада штатының допингке қарсы агенттігі хабарлады.
Грузиялық спортшы нашаға допинг сынамасын тапсырып, ұсталып қалды. 30 жастағы Лазишвили 23 қазан күні Джонатан Мартинеспен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңілді.
Осы кездесудің алдында оның ағзасынан спортшыларға рұқсат етілмеген кломифен табылған.
Ол енді тоғыз ай жекпе-жекке қатыса алмайды. Оның үстіне Лазишвили соңғы кездесуіндегі табысының 15 пайызын қайтарып береді.