MMA
4 тамыз 2020 11:06

UFC салмақ қуа алмай қалған спортшыны ұйымнан шығарып жіберді

Эрик Спайсли. Сурет: Esther Lin, MMA Fighting
Орта салмақта өнер көрсететін америкалық спортшы Эрик Спайсли Ultimate Fighting Championship-тен  (UFC) шеттетілді. Бұл туралы "Чемпионат" порталы The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 


33 жастағы Спайсли демалыс күндері өткен UFC турнирінде салмақ қуа алмай қалғанына байланысты шеттетіліп отыр. Америкалық спортшы Маркус Переске қарсы шығуы керек еді. Бірақ ол салмағын түсіре алмады. Сөйтіп оның орнына соңғы сәтте Чарли Онтиверос шықты. 

Спайслидің өзі денсаулығы антидепрессанттарды қолданғаннан кейін басталғанын айтады. Ол депрессияға қарсы дәрілерді соңғы кездесуде алған жарақатынан кейін ішуді бастапты. 

Айта кетейік, 2018 жылы UFC Спайслиді ұйымнан бір рет шығарған болатын. Ол кезде спортшының қатарынан үш рет жеңіліп қалуы себеп болды. Бірақ кейін спортшы ұйыммен қайта келісімшарт жасаған.