Ұлты шешен Швеция азаматы Хамзат Чимаев Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 178 турнирінде америкалық Джеральд Миршертті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Чимаев қарсыласын 17 секундта нокаутқа түсірді. Бұл спортшының промоушендегі үшінші жекпе-жегі. Мұның алдындағы екі кездесуді Хамзат жазда өткізіп, британиялық Джон Филипс пен Рис Маккиден басым түскен.
Чимаев жеңіске жеткен үш жекпе-жекті де 66 күнде өткізіпті. Осылайша, ол UFC рекордын орнатып отыр. Мұның алдындағы жетістік бразилиялық Джонни Уокерге тиесілі (105 күн).
MMA
21 қыркүйек 2020 08:32
UFC рекорды. Шешен файтер қарсыласын бір соққымен сұлатты

Сурет: FightTime