Единоборства
8 маусым 2021 13:34

UFC промоушеніндегі қазақ файтер үздіктер қатарына кіру үшін басқа салмаққа өтпек

Сурет: sovsport.ru

Ресей атынан өнер көрсететін қазақ спортшы Дамир Исмағұлов "Територия ММА" You-Tube арнасына берген сұхбатында ары қарайғы жоспарын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бес аптадан кейін тағы бір жекпе-жекке мүмкіндік бар, бірақ, дайындалып үлгермей жатырмын. Сондықтан қыркүйекте шыққым келеді. Қателік жіберуге болмайды. Өзіме қолайлы уақыт таңдадым. Алдымен бірнеше оқу-жаттығу кезеңін өткізгім келеді. Қазір айқасу өте қиын. Егер қарсылас таңдап, уақыт белгілеп берсе, онда дайындаламын. Саят қазір жұптар белгіленіп қойғанын айтады. Енді күтеміз. 

Алда жартылай жеңіл салмаққа түсетін шығармын. Қазіргі салмақта қиындық бар дегенім емес. Сол дивизионда топ-5 қатарға кіре аламын деп ойлаймын. Осы салмаққа жақсы баппен келемін. Сонда тезірек биікке көтеріле аламын", - дейді Дамир.

Еске салайық, Дамир мамырда бразилиялық Рафаэль Алвесті төрешілер шешімімен жеңді. Бұл қазақ спортшының екі жылдық үзілістен кейінгі айқасы болды, осы себептен болар ол нокдаунға түскен еді. Осымен Исмағұлов UFC промоушенінде төртінші рет айқасып, барлығында жеңді. Спортшы барлық кездесуін жеңіл салмақта өткізген.