UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Sport24.ru.
Рахмонов-Гэрри жекпе-жегі 7 желтоқсан Лас-Вегаста өтетін болды.
"Уақытша титул болмайды, өйткені Белал шамамен қашан қатарға қосылатынын білеміз. Ол ұзақ уақытқа шығып қалған жоқ. Рахмонов пен Гэрри айқасы, жартылай орта салмақта нөмірі бірінші үміткерді анықтайды. Оның үстіне нағыз титулды айқас алдында бес раундты жекпе-жек өткізген екеуіне де пайдалы. Бұл ерекше жағдай - бұрын жеңілмеген екі жігіт кездеседі", - дейді Уайт бапсасөз мәслихаты кезінде.