MMA
1 қазан 2020 18:37

UFC президенті Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы екінші кездесудің өтпей қалуына кім кінәлі екенін айтты

Сурет: Zimbio.com ©
UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақта ұйымның чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор арасындағы екінші кездесу ирландиялық спортшыға байланысты өтпей қалғанын айтты,- деп хабарлайды "Р-Спорт".

"Біз ESPN телеарнасында The Ultimate Fighter деген шоу ұйымдастырып, екі спортшы арасындағы екінші кездесуді өткізгіміз келді. Хабиб келісімшартқа қол қоюға дайын болып тұр еді. Бірақ кейін Конор мұны трэшқа айналдырып, барлығын құртты. Соңында Нурмагомедов: "Барлығы құрып кетсін", - деді. Міне осылай бұл реванш өтпей қалды", - деп келтіреді Уайттың сөзін MMAFighting порталы. 

Айта кетейік, Нурмагомедов өзінің келесі кездесуін 24 қазан күні UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиге қарсы өткізеді. 

Еске салайық, МакГрегор Нурмагомедовпен 2018 жылы кездесіп, жеңіліп қалды. Бұл кездесуде ресейлік спортшы қылқындыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін сақтап қалды.