UFC президенті Дана Уайт белгілі ММА шебері Конор Макрегордың октагонға қашан оралатынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қазіргі таңда Конордың ақшасы көп. Бірақ ол әлі күнге дейін жекпе-жектер өткізгенді жаны қалайды. Ол ертерек оралуы үшін қолынан келгеннің бәрін істеп жатыр. Өздеріңіз де Конордың әлеуметтік желіде жазып жүргендерін көріп-біліп жүрсіздер. Жарақатынан толыққанды айығып жатса, келесі жылдың жазында үлкен спортқа қайта келуі мүмкін", - дейді Уайт ESPN ММА YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске салайық, ирландиялық спортшы биыл 10 шілдеде UFC 264 турнирінің басты айқасында Дастин Порьеден жеңіліп қалған еді.