UFC президенті Конор МакГрегордың ізбасарын атады

UFC президенті Дана Уайт аралас жекпе-жек әлемінде танымалдылыққа ие болып келе жатқан ұлыбританиялық Пэдди Пимблетт жайлы ойын айтты және екі салмақта экс-чемпион атанған ирландиялық Конор МакГрегормен салыстырды, деп жазады Чемпионат сайты.

"Әзірге чемпиондық айқас жайлы айту ерте. Бірақ оның бойында Конорға ұқсайтын қасиеттері бар. Жекпе-жекке қалай дайындалғаны, өзін үлкен ареналарда ұстауы, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінің оған деген көзқарасы ерекше. Біз оны алдымен Бостондағы немесе Нью-Йорктегі PPV кардына шығарамыз, содан кейін Вегасқа алып келеміз", - дейді Уайт.
Еске салайық, жуырда Пимблетт америкалық Джордан Ливиттпен жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде іш киімін шешкен еді.
Жарнама