UFC президенті Дана Уайт Абу-Дабидегі UFC 251 турнирінде өткен Петр Ян мен Жозе Альдо арасында өткен титулды жекпе-жектегі төрешінің әрекетіне наразылығын білдірді, - деп хабарлайды
Mmafighting.com.
Ресейлік файтер бесінші раундта техникалық нокаупен жеңіп,
жеңіл салмақта чемпионы атанды. Уайттың ойынша, бразилиялық экс-чемпион бесінші раундта қатты соққылар алғандықтан төреші жекпе-жекті ертерек тоқтату керек еді.
"Альдо жақсы жұдырықтасты, адамдар оны сынап, титулды айқасқа лайық емес десе де. Ал төрешінің жекпе-жектегі ісі өте нашар. Кездесуді ертерек тоқтату керек болатын. "Жауынгерлер аралындағы" төрешілердің біліктілігін арттыру керек сияқты", - дейді Уайт турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Атақты маман Жұмағұлов жұдырықтасқан UFC турниріндегі төрешілер кемшілігін ашық айтты