UFC президенті Дана Уайт коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. Ол вирусты отбасылық жиын кезінде жұқтырған екен.
"Біз Алғыс айту күні менің Кэйндегі үйіме бардық. Бұл біздің дәстүрге айналған әдетіміз еді. Сол жерде біреу вирус жұқтырып алған екен. Бірақ мен антисептик қолданғаннан кейін ештеңе сезбедім. Дегенмен кейін тест тапсырдым. Сол кезде вирус жұқтырғаным анықталды", - деді Уайт.
Енді ол UFC Vegas 44 турниріне қатыса алмайды. Уайттың айтуы бойынша, ол осыған дейін вакцина алған екен.