UFC президенті Чимаев титулды айқасқа шығатынын айтты
UFC президенті Дана Уайт Швецияның намысын қорғайтын шыққан тегі шешен Хамзат Чимаев (11-0) алдағы уақытта титулды айқас өткізетінін айтты, деп жазады Lenta.ru.
UFC президенті Дана Уайт Швецияның намысын қорғайтын шыққан тегі шешен Хамзат Чимаев (11-0) алдағы уақытта титулды айқас өткізетінін айтты, деп жазады Lenta.ru.
"Чимаевқа Нэйт Диасты жеңгеннен кейін титулды айқас беру заңды деп ойлайсыз ба деген сауалға "иә" деп жауап берер едім", - дейді Уайт.
Президенттің айтуынша, жартылай орта салмақта Чимаев Камару Усманмен шығуы тиіс. Ал Чимаев пен Диас айқасы 1 қыркүйекте UFC 278 турнирі аясында өтеді.
Осының алдында Усман да Леон Эдвардспен жекпе-жектен кейін швециялықпен кездесетінін айтқан еді. UFC чемпионы шешен спортшысының өзіне қарата айтқан ауыр сөздеріне жауап беретінін жасырмады. Чимаев өз кезегінде Усманнан бөлек орта салмақтың чемпионы Исраэль Адесаньомен де шыққысы келетінін айтты.
Жарнама