Единоборства
28 мамыр 2020 12:35

UFC МакГрегорге титулды жекпе-жек бермей отыр

Сурет: Reuters
UFC президенті Дана Уайт қазіргі таңда ирландиялық Конор МакГрегорге үшінші салмақта чемпион атану мүмкіндігін бере алмайды.

170 фунт салмақта қазіргі чемпион Камару Усман міндетті үш қарсыластың бірімен кездесу керек.

"Усманның алдағы жекпе-жегі келесі жігіттердің бірімен болады: Колби [Ковингтон], [Хорхе] Масвидал, [Леон] Эдвардс. Осылардың бірі, Конор Макгрегор емес", - дейді Уайт ESPN арнасына берген сұхбатында.

Алайда BMF - Baddest Motherf**ker титулына ие Хорхе Масвидал бұрынғы қарсыласы Нэйт Диасқа қарымта ұйымдастыруды ұсынды. Уайт бұған қатысты да жауап берді: "BMF-титулына қарағанда, чемпион атағын қорғауды көргім келеді. Бәрі де мүмкін, бірақ, чемпиондық жекпе-жек маңыздырақ".