Единоборства
15 қаңтар 2018 16:29
 
UFC МакГрегорды чемпиондықтан айырып, Фергюсон - Нурмагомедов жекпе-жегін ұйымдастырады

  Пікірлер

blog.share

UFC МакГрегорды чемпиондықтан айырып, Фергюсон - Нурмагомедов жекпе-жегін ұйымдастырады Конор МакГрегор мен Дана Уайт. Сурет: Bleacher Report

UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақтағы келесі чемпиондық жекпе-жек туралы мән-жайды айтып берді, - деп хабарлайды "Советский спорт" сайты MMAjunkie порталына сілтеме жасап.

"Егер МакГрегор қыркүйекте жекпе-жекке шықса, бұл оның ММА-дағы соңғы кездесуінен тура екі жылдан кейін болмақ. Мұндай болмау қажет. Бұл өзгелерге қатысты әділетсіздік болады. Конорды сүйіңіздер, сыйлаңыздар, компания үшін істегенінің барлығын да жақсы көріңіздер, мұны әрқашан айтып келгенмін. Дегенмен белбеу ары қарай жылжу қажет. Хабиб пен Тоннидің жекпе-жегін ұйымдастырамыз, қазір осымен айналысып жатырмыз. Конор оралса, ол бірден чемпионмен жұдырықтасады. 

Конордың қайтып келіп, жаттығып, атағын қорғағанын қалаймын. Ол жұдырықтасқысы келсе, әрдайым ұйымдастырып береміз. Мен оны сіңірген еңбегі үшін сыйлаймын, алайда, ол дайын болмаса белбеу басқаға өтеді. Қыркүйекте ораламын дейді. Бұл екі жылдық үзіліс, басқа жеңіл салмақтағыларға әділетсіздік. Жігіттер жұдырықтассын, ал Конор оралғанда бірден чемпиондық жекпе-жекке шығады", - дейді Уайт. 

Айта кетейік, UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы Тони Фергюсон мен міндетті қарсылас Хабиб Нурмагамедовтың жекпе-жегі биыл көктемде болады деп күтілуде. 

Жарнама

Живи спортом!