UFC комментаторы Джо Роган промоушеннің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов ереже аясында салмақпен қулық жасайды,- деп мәлімдеді.
"Ол әрдайым көп тастайды. Бұл сұмдық енді. Бірақ шындығында ол жеңіл салмақ спортшысы емес. Бұл алаяқтықтың рұқсат етілген түрі, мұны біз қалыпты дүние ретінде қабылдаймыз. Сен ағзаны әбден титықтатасың, ал салмақ өлшеуден кейін спагеттиді молынан жеп, қайтадан 90 келіге дейін үрленіп аласың. Бұл - сандырақ", - деп береді Роганның сөзін Eurosport оның подкастына сілтеме жасап.