UFC жеті бірдей файтерді ұйымнан шығарып тастады. Соның ішінде өте жеңіл салмақтағы Матеус Николау (19-5-1) да бар, деп жазады MMA Fighting.
Бір қызығы бразилиялық файтер рейтингте 10-орында болған. Дегенмен ол кейінгі үш жекпе-жегінде жеңілді: Брэндон Ройвал, Алекс Перес және қазақстандық Асу Алмабаевтан.
Николау карьерасында UFC-ден екінші рет кетіп отыр. Бірінші рет 2019 жылы, бірақ 2021 жылы қайта оралған еді. Николаудың UFC-дегі рекорды 4-3.