UFC қазақ файтер Хабибтің інісімен айқасатынын ресми құлақтандырды
![UFC қазақ файтер Хабибтің інісімен айқасатынын ресми құлақтандырды](/userdata_kaz/news/2024/news_27993/crop_amp/photo_29992.jpg)
UFC-дің Еуразиядағы ресми Instagram-аккаунты өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның (17-1) жекпе-жегі жайлы құлақтандыру жасады, деп жазады Vesti.kz.
UFC-дің Еуразиядағы ресми Instagram-аккаунты өте жеңіл салмақтағы қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның (17-1) жекпе-жегі жайлы құлақтандыру жасады, деп жазады Vesti.kz.
"Умар Нурмагомедов UFC Vegas 87 турнирінде қазақстандық дебютант Бекзат Алмаханмен кездеседі", - делінген хабарламада.
UFC Vegas 87 турнирі 3 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өтеді.
Айта кетейік, Умар Нурмагомедов UFC-дің өте жеңіл салмақ рейтингінде 13-орында. Әзірге ол ММА-де жеңіліп көрмеген.
Жарнама