UFC өткен демалыстағы турнирден кейін файтерлер рейтінгін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Дамир Исмағұлов UFC-де қатарынан бес жеңіске жеткеніне қарамастан жеңіл дивизионның топ-15 тізіміне кірмеді.
Дамир UFC on ESPN 37 турниріндегі кейінгі айқасында грузиялық Гурам Кутателадзеден басым түскен болатын.
Ал осы салмақтағы Конор МакГрегор бір жыл жұдырықтаспаса да тоғыздан сегізінші орынға көтерілген.
Бұл двизионда чемпиондық белбеу бос тұрғанын айта кетейік. Қазір рейтинг көшбасшысы болып тұрған Чарльз Оливейра белбеуден артық салмақ кесірінен айрылған еді.