UFC Жұмағұловқа жаңа келісімшарт берді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенімен жаңа келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенімен жаңа келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Файтерді бұл қуанышпен менеджер Саят Әбдірахманов Instagram желісінде құттықтады.
Келісімшарт төрт жекпе-жекке есептелген, дегенмен, спортшы сегізбұрышқа қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Жалғас Лас-Вегастағы UFC 264 турниріндегі кейінгі кездесуде америкалық Джером Ривераны тұншықтыру әдісімен жеңген еді. Бұл оның UFC-дегі бірінші жеңісі болды, оған дейінгі екеуінде Жұмағұлов есе жіберген.
Жарнама