MMA
15 сәуір 2022 12:35

UFC Исмағұловтың жекпе-жегін ресми бекітті

©UFC

ММА файтері Дамир Исмағұлов швециялық Гурам Кутателадземен жұдырықтасады. Бұл туралы UFC ұйымының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бұл жекпе-жек 18-нен 19 сәуірге қараған түні Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде өтеді.

 Исмағұлов UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 2021 жылы 23 мамырда өткен UFC Fight Night 188 турниріндегі кейінгі айқасында, Дамир төрешілер шешімімен Рафаэль Алвестен (20-10) басым түскен еді.

Ал Кутателадзе UFC-де бір ғана кездесу өткізген. 2020 жылы 18 қазандағы UFC Fight Night 180 турнирінде тегі грузиялық спортшы польшалық Матеуш Гамротты (20-1) төрешілер шешімімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport