MMA
15 қазан 2020 12:25

"UFC-ге шыққым келеді, бірақ, допинг қолданатындарды алмайды". Ермековты нокаутпен жеңген FNG чемпионы

Сурет: News.ru
Орта салмақта Fight Nights Global чемпионы ресейлік Владимир Минеев тыйым салынған препараттарды әдейі қабылдамағанын айтады, - деп хабарлайды Sports.ru.  


"Маганың сөзінше, мен химия қабылдаймын? Бұлай деу үшін оның арнайы білімі бар ма? Ол дәрігер ме? Ресейлік ММА-де допингті бақылау жоқ. Сондықтан анау дәрмек қабылдады, ал мынау қабылдамаған деп анық айта алмаймыз. 

Мага немесе басқасы не ойлайтыны маған қызық емес. Менің мақсатым UFC-де өнер көрсету, ал тыйым салынған препарат қолдансаң, онда шыға алмайсың. Мен енді спортта ұзақ жүре алмаймын, сондықтан, өзіме өзім қастандық қылмаймын. 

Өсу гормонын қабылдағанмын. Иә, оған тыйым салынған, жарақатымнан сауығу үшін бұғанама салғанмын, қалпыма келу үшін. Ал әдейі тыйым салынған ештеңе қабылдамадым. Қайта біздің бірінші жекпе-жегімізде Мага допингпен шықты деп ойлаймын", - дейді Минеев. 

"Емельяненконы жеңуден әлдеқайда артық". Минеев қазақстандық Ермековпен жекпе-жектен кейін

Еске салайық, Мәскеуде қыркүйек айында өткен Абдулманап Нурмагомедовті еске алу турнирінде қазақстандық Дәурен Ермеков FNG белбеуі үшін жекпе-жектің үшінші раундында Владимир Минеевтен техникалық нокаутпен жеңілді.