UFC-ге өткен қазақ файтерді Шавкат Рахмоновқа теңеді

UFC-де қазақстандық файтер Азат Мақсұмға (16-0) үлкен сенім артып отыр, деп хабарлайды Cageside Press.
UFC-де қазақстандық файтер Азат Мақсұмға (16-0) үлкен сенім артып отыр, деп хабарлайды Cageside Press.
27 жастағы спортшы 15 шілдеде әлемдегі ең атақты промоушенде алғашқы айқасын өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Тайсон Нэм (21-13-1).
"Промоушен 125 фунтта Азат Мақсұм жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмоновтай жарқырайды деп үміттенеді. Екі файтер де кәсіпқой карьерасында жеңіліп көрмеген", - деп жазады БАҚ.
Жекпе-жек 15 шілде Лас-Вегастағы UFC Apex аренада ұймдастырылатын турнирде өтеді.
Жарнама