MMA
20 наурыз 2022 11:37
 
UFC файтері қарсыласын бір соққымен "терең ұйқыға жіберді"

  Пікірлер

blog.share

UFC файтері қарсыласын бір соққымен "терең ұйқыға жіберді" ©Sportsmanor

Испания атынан UFC-де өнер көрсететін тегі гүржі Илия Топурия (12-0) Лондонда өткен UFC Fight Night 204 турнирінде жеңіске жетті. Бұл кеште "Матадор" нағыз камбек жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақта UFC-дегі бірінші айқасын өткізген 25 жастағы Топурияның қарсыласы 33 жастағы англиялық Джей Герберт (11-4) болды. Илья қарсыласын екінші раундта терең нокаутқа түсірді.

Бір қызығы Топурия бірінші раундта есеңгіреп қалып, жеңіліп қала жаздаған еді. Дегенмен Илия бұл сәтке шыдас беріп, жарқын жеңіске жете алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!