UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабибте кеткен есесін Махачевтен қайтармақ

Жеңіл салмақта UFC чемпионы болған америкалық Джастин Гейджи дағыстандық Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады 1bol.kz.
Жеңіл салмақта UFC чемпионы болған америкалық Джастин Гейджи дағыстандық Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады 1bol.kz.
"Махачевпен жекпе-жек өткізгім келеді. Ол – чемпион. Менің ойымша, ол Хабибке қарағанда мен үшін ыңғайлы қарсылас болады. Ал Хабибпен болған жекпе-жекте барымды салсам да жеңе алмадым. Ол менің карьерамдағы ең мықты қарсылас болды", - деді америкалық файтер.
Хабиб пен Гейджи 2020 жылы жұдырықтасқан
Хабиб Нурмагомедов UFC 254 турнирінде Гейджиді тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғағаннан кейін мансабын аяқтаған болатын. Енді Гейджи дағыстандықта кеткен ақысын Махачевтен алғысы келетін сияқты.
Алайда Ислам онымен айқасқысы келмейді
Дегенмен, Ислам Джастинді өзіне лайықты қарсылас деп санамайтынын мәлімдеді. Егер америкалық файтер алдағы жекпе-жегін сәтті өткізсе, Махачев ұсынысқа байланысты ойланып көруге уәде берді.
Айта кетейік, Гейджи 8 наурызда АҚШ-та өтетін UFC 313 турнирінде Жаңа Зеландия спортшысы Дэн Хукермен жекпе-жек өткізеді.
Жарнама