MMA
Бүгін 12:24

UFC-дің атақты чемпионы 17 жастағы бойжеткенді өлтіріп алды

©Sport5.by

Ауыр салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы, тегі камерундық Фрэнсис Нганну мотоциклмен жас қызды қағып кетіп, өлтіріп алды, деп хабарлайды Vesti.kz lebledparle.com сайтына сілтеме жасап.

17 жастағы қыз марқұм болды

Қайғылы оқиға Камерунда болған. Жол апатынна кейін Нганну дереу қыздың қасына жүгіріп барып, оны Яундеде орналасқан ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер жедел ота жасағанымен, қыз алған жарақаттарынан көз жұмды. Марқұм 17 жаста болған.

Нганнуға жақын дереккөздердің мәліметінше, спортшы оқиғадан қатты күйзеліп кетіпті. Ол барлық медициналық шығындарды өз мойнына алған екен.

Айта кетейік, жергілікті билік бұл оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізуді талап етуде. Апаттың нақты мән-жайы және Нганнуға қатысты қылмыстық іс қозғалатыны не қозғалмайтыны әзірге хабарланған жоқ.

UFC-ден чемпион күйінде кетті

ММА-де Фрэнсис Нганну 18 жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген. Ол жаңа келесімшартпен келіспей, UFC ұйымынан чемпион атағымен кеткен болатын. 2023 жылы ол бокс ережесімен өткен жекпе-жекте британиялық Тайсон Фьюриден жеңілген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport