MMA
5 қазан 2020 11:08

UFC Джастин Гэтжиден кейін Хабиб Нурмагомедовтің қарсыласы кім болатынын айтты

Сурет: Reuters
UFC ұйымының президенті Дана Уайт жеңіл салмақта ұйымның чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Джастин Гэтжиден кейін ресейлік спортшының қарсыласы кім болатынын айтты. 

Еске салайық, бұған дейін Хабибтің менеджері Али Абдель-Азиз Уайтпен бірге жанкүйерлерге тосын сый дайындап жатқанын айтып еді. Менеджер өз сөзінде ресейліктің келесі қарсыласы Джордж Сен-Пьер мен Конор Макгрегор болмайтынын мәлімдеді. 

"Егер Хабиб Гэтжиді жеңетін болса, онда ол келесі кездесуінде Тони Фергюсонмен кездеседі. Бұл жолы біз аталған жекпе-жекті ұйымдастыра аламыз деп үміттенемін. Біз негізі бұл кездесуді бес рет ұйымдастырғымыз келді. Өкінішке қарай, болмады. Енді осы жолы барлығы дұрыс болатын шығар", - деп келтіреді Уайттың сөзін Sports Illustrated басылымы. 

Айта кетейік, Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы кездесуді ұйым басшылары соңғы рет сәуір айында ұйымдастырғысы келді. Бірақ ол кезде пандемия басталып кетіп, Нурмагомедов АҚШ-қа бара алмады. Оның орнына Тони Джастин Гэтжимен кездесіп, жеңіліп қалып еді. 

Хабиб Нурмагомедов өзінің келесі кездесуін 24 қазан күні Абу-Даби қаласында UFC 254 турнирінде өткізеді. ол америкалық Джастин Гэтжиге қарсы жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.