UFC-де өнер көрсететін өзбекстандық файтер Заррух Адашев қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен бразилиялық Раулиан Пайва жекпе-жегінің шешіміне қатысты пікір білдірді.
Бұл кездесу UFC 251 турнирінде өтті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешіміміен Пайва жеңіске жетті.
Алайда мұндай шешіммен Адашев мүлде келіспейді. Оның ойынша, Жұмағұлов жеңгені анық. Мұның ол UFC Russia ұйымының Instagram желісіндегі постына пікір ретінде жазған.
"Жоқ, Жалғас анық жеңді", - деп жазыпты Адашев.