MMA
5 тамыз 2022 17:36

UFC-дегі келесі кездесуінде Агапованың қандай үстемдігі болатыны айтылды

©UFC

MMA Sport порталының тілшісі Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында UFC ұйымында өтетін қазақстандық Мария Агапова (10-3) мен канадалық Джиллиан Робертсон (10-7) арасындағы кездесу туралы ойын айтты. Сұқбат барысында ол алдағы кездесуде кімнің фоварит екенін де атап өтті. 

Бұл жекпе-жек қыркүйек айында өтеді. 

"Қызық кездесу болайын деп тұр. Екі файтердің стильі екі түрлі. Екеуі де орта деңгейде. Жеңіс қатты керек. Агапованың соққысы жақсы. Ол кездесудің алғашқы минуттарын жақсы өткізеді. Қарқынды бастайды. Бұл арқылы ол жеңіске жетуі мүмкін. 

Робертсон болса грэплингте мықты. Егер Джиллиан алғашқы қарқынды басып, шыдас беретін болса, оның кейін үстемдігі болады", - деді Смит. 

Еске салайық, Агапова UFC ұйымында екі кездесуде жеңіске жетсе, екеуінде жеңілген. Ал 27 жастағы канадалық жеті кездесуде жеңіске жетсе, бесеуінде ұтылған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport