ESPN нұсқасы бойынша Қытайдың намысын қорғайтын 23 жастағы этникалық қазақ Қайсар Мақсат (9-1) 25 жасқа дейінгілер арасында ММА-дегі үздік 12 спортшының қатарына енді, деп жазады ММА ТМ.
Ол рейтингте 11-орынға тұрақтады.
18 желтоқсан күні Қайсар Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC промоушеніндегі екінші айқасын өткізеді. Оның қарсыласы мексикалық Рафа Гарсия (13-3) болмақ.
Қытай қазағы америкалық промоушенде биылғы жылдың жазында америкалық Стив Гарсияға қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Мақсат жеңіл салмақта сынға түседі. Ол осыған дейін Қытайдың WLF - W.A.R.S лигаларында бақ сынаған.