Жекпе-жекке дейін 16 күн қалғанда мен өтетін орынды да білмеймін. Бұл кәсібилік емес. Тони Фергюсон да өтетін орынды атамаса, келісімшартқа қол қоймайтынын айтқан. алайда бұған ешкім мән бермеді.
Ұшып келу, бейімделу, джетлаг, жаттығу лагерінің аяқталуы және басқа да дүниелерді есептеу үшін кездесу өтетін орынды білуім қажет. UFC дәл қазір орынды айтса, Ресейден ұшып шыға аламын, жұдырықтасамын. 100 пайыз. Тек орынды атаңдар, мұны Дана Уайтқа күнде айтамын, бірақ, ешкім жауап бермейді.
Түсінем, адамдардың көңілі түсті. Бұл жанкүйерлер үшін, мен үшін де армандағы жекпе-жек. Көп ақша мен өзге де көп дүние жоғалттым. Мендей ешкім жоғалтқан жоқ. Бұл менің қалдырар мұрам үшін маңызды жекпе-жек болғандықтан мен үшін маңызды, өйткені бұл UFC тарихындағы ең ұлкен жекпе-жек", - деп келтіреді Нурмагомедовтың сөзін "Чемпионат" порталы ESPN журналына сілтеме жасап.